Теннис

Алматы ATP 250 турнирінде қазақстандық дерби болды

Алматы ATP 250 турнирінде қазақстандық дерби болды
olympic.kz

Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турнирінде қазақстандық дерби болды.

Бірінші айналымдағы матчте әлемдік рейтингте 61-орындағы Александр Шевченко 111-сатыдағы Михаил Кукушкинмен ойнады.

Қос қазақстандық теннисшінің кездесуі екі тай-брейкте шешілді – 7:6 (7:5), 7:6 (7:4). Жеңіс Шевченконың еншісінде кетті.

Екі сағат 23 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Шевченко 8 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың екеуін өз есебіне жазды. Кукушкин 4 эйс, 2 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Александр Шевченко ширек финалға жолдама үшін рейтингіде 139-сатыдағы ресейлік Аслан Карацевпен ойнайды.

Басқа спорттық жаңалықтар