Кәсіби бокс

Америкалық боксшы қарсыласын бір соққымен талдырды

Америкалық боксшы қарсыласын бір соққымен талдырды
Fightmag

Лас-Вегастағы Michelob Ultra Arena шаршы алаңында жеңіл салмақтағы америкалық боксшылар Абдулла Мейсон (12-0, 10 КО) мен Бенджамин Гурмент (8-1-3, 5 КО) арасында жекпе-жек өтті.

Солақай екі боксшының сегіз раундтық айқасы екіншісінде аяқталды. Мейсон қарсыласын бір соққымен сұлатып тастады. Гурменттің осы раундта нокаутқа дейін бір рет нокдаунға түскен болатын.

"Мейсон ТКО 2. Керемет проспект. Бомба!", - деп атап өтті Мейсонның жеңісін vRINGe.com.

Басқа спорттық жаңалықтар