Теннис

Бейбіт Жұқаев Алматыдағы турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті

Бейбіт Жұқаев Алматыдағы турнирдің бірінші айналымында жеңіске жетті
ktf.kz

Әлемдік рейтингте 213-сатыда тұрған қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев Алматы ATP 250 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі. 

Бейбіт бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 245-орында тұрған ливандық Бенжамин Хассанмен өткізді.

Іріктеу сайысында ливандық теннисші тағы бір қазақстандық Денис Евсеевтің жолын кескен еді. Бұл жолы Бейбіт соның есесін қайырды - 6:4, 6:1.

Бір сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында Жұқаев 8 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, чехиялық Томаш Махач немесе отандасы, рейтингіде 192-сатыдағы Тимофей Скатовтың біреуімен кездеседі.

Басқа спорттық жаңалықтар