Кәсіби бокс

Бетербиев өзі үшін ең қымбат сый не екенін айтты

Бетербиев өзі үшін ең қымбат сый не екенін айтты
instagram.com/arturbeterbiev

Ресейлік боксшы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) отандасы Дмитрий Биволды (23-1, 12 КО) жеңгеннен кейінгі өзі үшін ең қымбат сый туралы айтып берді.

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен жекпе-жекте Артур ұпай санымен жеңіп, жартылай ауыр салмақта әлемнің абсолют чемпионы атанды. - Осы жеңіс үшін өзіңе қандай да бір қымбат сыйлық сатып аласың ба?

- Жоқ, ештеңе алмаймын. Тек үйге барып, анамды құшақтаймын.

- Жекпе-жектен кейін анаңмен сөйлестің бе?

- Иә. Ол өте қуанышты. Бұл нағыз хэппи-энд, - деп береді Бетербиевтің сөзін Sport24 сайты Boxing King Media-ға сілтеме жасап.

Басқа спорттық жаңалықтар