Бокс

Қазақстандық екінші боксшы Странджа кубогінен шығып қалды

Қазақстандық екінші боксшы Странджа кубогінен шығып қалды
Sports.kz

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан дәстүрлі Странджа кубогінде қазақстандық боксшы Абзал Құттыбеков екінші жекпе-жегін өткізді.

92 келі салмақтың ширек финалында Абзал үндістандық Навин Кумармен жұдырықтасып, 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, бұған дейін 1/8 финалда Құттыбеков қытайлық Хань Сючженьді жеңген болатын.

Ал бұған дейін 71 келіде Талғат Шәйкен грузиялық Эскерхан Мадиевке төрешілердің бөлек шешімімен есе жіберген - 2:3. Осылайша, осымен екінші қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Басқа спорттық жаңалықтар