Кәсіби бокс

Екі титулы бар қазақстандық Ахмедов келесі жекпе-жегіне дайындыққа кірісті

Екі титулы бар қазақстандық Ахмедов келесі жекпе-жегіне дайындыққа кірісті
instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Али Ахмедов (19-1, 14 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықты бастады.

Боксшыны Лос-Анджелестегі атақты бапкер Кристофер Камачо жаттықтырып жатыр. Бұған дейін Али рингке 14 желтоқсан Коста-Меседегі бокс кешінде жекпе-жекке шығу керек еді, алайда кездесу өтпей қалды.

Ахмедов кейінгі рет былтыр қыркүйекте Лас-Вегаста айқасып, америкалық Габриэль Росадоны (26-17-1, 15 КО) жеңген еді. Осының арқасында Али IBF NABO және WBC Silver титулдыраны иеленді.

Басқа спорттық жаңалықтар