Теннис
Рыбакина WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады
WTA
Қазақстанның бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі (БАӘ) WTA 500 санатындағы турнирді сәтті бастады.
Жарысты екінші айналымнан бастаған Елена америкалық Даниэль Коллинзбен екі сағаттан астам уақыт ойнап, рһқарсыласын 4:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Осылайша, Елена Рыбакина мен Даниэль Коллинз екеуінің арасындағы матчтың есебі 3-1 болды.
Енді ширек финалда қазақстандық теннисші Кристина Буча (№74, Испания) мен Хизер Уотсон (№156, Ұлыбритания) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.