Велоспорт

«Астана» велоспортшысы «Гуанси турының» бірінші кезеңінде алдыңғы бестікке кірді

«Астана» велоспортшысы «Гуанси турының» бірінші кезеңінде алдыңғы бестікке кірді
SprintCycling

Бүгін Қытайда «Гуанси туры 2024» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңі өтті.

Бастапқы кезеңнің жеңімпазы «Lotto Dstny» командасының италиялық шабандозы Лионель Таминье болды. «Астана» шабандоздар арасындағы үздік нәтижені 5-орын алған Макс Кантер көрсетті.

Кезеңді Глеб Сирица 23, Лоренцо Фортунато 59, Алексей Луценко 8, Зелиг Рюдигер 100, Давиде Баллерин 118, Евгений Федоров 128-орынмен аяқтады.

«Гуанси туры 2024». Бірінші кезең. Fangchenggang - Fangchenggang (149.4km) 1. Лионель Таминье (Lotto Dstny) — 3:17:58

2. Гейс ван Хукке (Intermarché - Wanty)

3. Хуан Себастьян (UAE Team Emirates)

...20. Макс Кантер (Италия, «Астана»).

Басқа спорттық жаңалықтар