Футбол

«Елімай» Андрей Карповичпен келісімшартты ұзартатын болды

«Елімай» Андрей Карповичпен келісімшартты ұзартатын болды
KazFootball.kz

Семейлік «Елімай» ФК бас бапкері Андрей Карпович келесі жылға дейін команда тізгінінде қалатынын мәлімдеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«20 қазанда өтетін «Астана» футбол клубына қарсы матч алдында клуб басшылығы мен қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Облыстық футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Абай Ұранхаев Асқар бас бапкер Андрей Карповичпен келісімшарт ұзартылғаны туралы хабарлады. Жаңа келісімшарт ұзарту мүмкіндігімен 2025 жылға дейін жасалды», - делінген хабарламада.


Басқа спорттық жаңалықтар