Футбол

Британияда футболдан өзгеше әлем чемпионаты өтеді

Британияда футболдан өзгеше әлем чемпионаты өтеді
ManagerZone

Биыл жазда Англияда футболдан ерекше әлем чемпионаты өтеді. Ерекшелігі – бұл турнирге жасы 35-тен асқан футболшылар ғана қатыса алады. Жарыс EPG Cup деп аталады. 

Қазіргі таңда турнирге Германия, Англия, Аргентина, Бразилия, Италия, Франция, Испания және Уругвай құрамалары қатысатыны анықталған.  Месут Озил, Стив Макманаман, Эстебан Камбьяссо, Эмерсон, Марко Матерацци, Кристиан Карамбе, Мичел Сальгадо және Диего Лугано сынды танымал футболшылар командаларының капитаны болады.

Сондай-ақ, турнирге Майкл Оуэн, Кака, Роналдиньо, Ривалдо, Фабио Каннаваро, Кафу, Роберто Карлос, Тьерри Анри және Марсель Десайи сияқты футбол аңыздары қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында "Алтын доп" иегерлері де бар. 

Матч 11-де 11 жүйесі бойынша, алайда 70 минуттан өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар