2024 Париж Олимпиадасы

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды

Бүгін Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының медальдары таныстырылды.

Жүлденің басқалардан басты айырмашылығы – медаль ортасында Эйфель мұнарасы бейнеленген.

«Осы бір алтын, күміс және қоланы жүлденің ең басты құнды бөлігі – Эйфель мұнарасымен ұштастыру үшін үлкен жұмыс атқарылды», - делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында.

Жалпы есебі 5084 медаль шығарылды. Оның әр қайсысында 18 грамм Эйфель мұнарасы бар.

Париждегі жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар