Ауыр атлетика

Азия чемпионаты: ауыр атлеттер тағы бір медаль еншіледі

Азия чемпионаты: ауыр атлеттер тағы бір медаль еншіледі

Ташкентте ауыр атлетикадан Азия біріншілігі жалғасуда. Бүгін ерлер арасында 96 келі салмақтағы жеңімпаздар анықталды.

Қазақстандық Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні еңсеріп, кіші қола медаль иеленді. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орынға табан тіреді.

Ерлер.

96 келі

1.Вон Йон Бём (Оңтүстік Корея) – 367 келі (161+205)

2.Суннатилла Усаров (Өзбекстан) – 346 келі (161+185)

3.Нұрсұлтан Тармалов (Қырғызстан) – 333 келі (149+184)

4. Кирилл Староверкин (Қазақстан) – 330 келі (150+180).

Естеріңізе сала кетсек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында Сайрамкез Ақмолда (67 келі) мен Александр Уваров (81 келі) жеңіп алған 2 күміс жүлде бар.


Дереккөз: olympic.kz

Басқа спорттық жаңалықтар