Кәсіби бокс

Головкиннің бұрынғы қарсыласы мен оны айқасқа шақырған боксшылар жұдырықтасты

Головкиннің бұрынғы қарсыласы мен оны айқасқа шақырған боксшылар жұдырықтасты
Fightnews.info

Эр-Риядта өткен Бетербиев - Бивол жекпе-жегінің кардында британиялық кіші Крис Юбенк (34-3, 25 КО) польшалық Камил Шеремета (25-3-2, 8 КО) жұдырықтасты.

Бұл жекпе-жекте польшалық боксшы бірреше рет нокдаунға түсті, ал жетінші раундта төреші айқасты тоқтатты. Осылай Юбенк техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, орта салмақта IBO титулын иеленді.

Шеремета 2020 жылы желтоқсанда Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шығып, ол кезде де нокаутқа түскен болатырн. Ал Юбенк кейінгі жылдары Головкинді бірнеше рет айқасқа шақырған еді.

Басқа спорттық жаңалықтар