Африка ұлттары кубогы

Футболдан Африка ұлттары кубогының финалына шыққан екі құрама анықталды

 Футболдан Африка ұлттары кубогының финалына шыққан екі құрама анықталды

Футболдан Африка ұлттары кубогы финалына шыққан құрамалар анықталды.

Жартылай финалдың бірінде Нигерия мен Оңтүстік Африка құрамалары кездесті. Ойынның негізгі және қосымша кезеңінде қарсыластар 1:1 есебімен тең түсті. Пенальтиде Нигерия 4:2 есебімен жеңіске жетті.

Ал Кот-д’Ивуар мен Конго Демократиялық Республикасы кездесуін жалғыз гол шешті. Кот-д’Ивуар қарсыласын 1:0 есебімен қапы қалдырып, финалға жолдама алды.

Енді финалда Нигерия мен Кот-д’Ивуар бас жүлдені сарапқа салады.

Финалдық ойын 11 ақпанда Кот-д’Ивуар елінің Абиджан қаласындағы ұлттық стадионда өткізіледі.

Ал 3-орын үшін сайыс 10 ақпанға белгіленген.

Африка ұлттары кубогы 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Содан бері Египет құрамасы чемпиондық атақты 7 мәрте жеңіп алды. Сондай-ақ, Камерун - 5, Гана - 4, Нигерия - 3, Кот-д’Ивуар, Алжир, Конго Демокртаиялық Республикасы - 2, Замбия, Судан, Тунис, Сенегал, Эфиопия, Оңтүстік Африка, Марокко, Конго - 1 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар