Волейбол

«Ақтөбе» волейболдан Қазақстан кубогін жеңіп алды

«Ақтөбе» волейболдан Қазақстан кубогін жеңіп алды
Волейбол федерациясы

Ақтөбе қаласында волейболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогі ойындары аяқталды.

Финалда алаң қожайынжары мен Оралдың «Жайығы» алтын жүлдені сарапқа салды.

Алғашқы екі партияда ақтөбеліктер 25:21, 25:22 есебімен басым түссе, үшіншісінде оралдықтар есепті қысқартты – 25:23. Алайда төртінші сетте «Ақтөбе» жеңіс нүктесін қойды – 25:18. Жалпы есеп – 3:1.

Осылайша, «Ақтөбе» клубы өз тарихында алғаш рет ел кубогына ие болды. Қола жүлдені «Павлодар» командасын 3:1 (25:17, 19:25, 25:21, 25:18) есебімен тізе бүктірген «Жетісу» (Талдықорған) жеңіп алды.

Басқа спорттық жаңалықтар