Спорт

Грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан бірініш орын алды

Грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан бірініш орын алды
Sports.kz

Астанада өткен грэпплингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте бірінші орын алды.

Қазақстандық спортшылар 13 жүлде иеленді: төрт алтын, төрт күміс және бес қола. Үздік үштікке Польша мен АҚШ командалары кірді.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

Ерлер: 58 кг Алихан Алшынбай — алтын, Нұрбек Сатыбалды — қола, 62 кг Самат Айтпанбет — алтын, Нрұбек Мырзалинов — күміс, 66 кг Дәулет Жұмадуллаев — қола, 71 кг Сәрсен Жетібаев — алтын, 77 кг Адлан Мадаев — күміс, Дмитрий Михайлиди — қола, 92 кг Руслан Исраилов — алтын, Рамазан Құсайынов — қола, 100 кг Рамазан Әбдірахимов — күміс, 130 кг Сәулет Әбусалихов — күміс.

Әйелдер: 64 кг Фариза Құлынтай — қола жүлде.

Басқа спорттық жаңалықтар