Бокс

Назым Қызайбай құрама капитаны атанды

Назым Қызайбай құрама капитаны атанды
ҚБФ

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай құрама капитаны болды.

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиыны аясында, бапкерлер мен боксшылардың қатысуымен жиналыс өтіп, жаңа құраманың капитанын сайлады.

"Спортшылардың басым көпшілігінің дауысымен Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны ретінде сайланды", - делінген хабарламада.

Қазір боксшылар Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Құрлықтық біріншілік 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Иорданияда өтеді.

Басқа спорттық жаңалықтар