Футбол

Қазақстан чемпионы израильдік клубқа кетті

Қазақстан чемпионы израильдік клубқа кетті
"Ордабасы" ФК

Шымкенттік "Ордабасы" сенегалдық қорғаушы Мамаду Мбодждың командадан кеткенін хабарлады. 

"Мамаду Мбодж келісімшарттың бітуіне орай командадан кетеді. Мамаду клуб сапындағы 33 ойында өз атына 2 гол мен 1 нәтижелі пас жазған болатын! Біздің клубтың құрамында ол чемпионаттың жеңімпазы және Қазақстан кубогының финалисті атанды. Мбодждың тарихи чемпиондыққа қосқан үлесі мен әрқашанғы позитивтілігін ешқашан ұмытпаймыз", - делінген клуб хабарламасында. 

Сенегалдық футболшы карьерасын исзраильдік "Хапоэль Хадера" клубында жалғастырады.

Басқа спорттық жаңалықтар