Футбол
«Бешиктастың» құрамасында Зайнутдинов ойнаған кездесуі камбэкпен аяқталды
Түркия Суперлигасының 11-туры аясындағы ойында «Бешикташ» «Антальяспорға» есе жіберді.
Анталиядағы кездесу 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бұл ретте бірінші таймның аяғында өткен кездесуде Стамбул клубы есеп ашты. Голды Дженк Тосун соқты.
Екінші таймның алғашқы 11 минутында "Антальяспор" үш гол соғып, ойын барысын өзгертті.
80-минутта Джексон Мулека Бешіктастың есеп айырмасын қысқартты.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов матчты толығымен өткізді.
«Бешикташ» 19 ұпаймен кестеде бесінші орында тұр. 15 ұпайы бар «Антальяспор» сегізінші орында.