Бокс

Тоқтарбек Таңатқан Странджа кубогіндегі айқаста жеңіске жетті

Тоқтарбек Таңатқан Странджа кубогіндегі айқаста жеңіске жетті
IBA

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Софияда өтіп жатқан Странджа кубогінде алғашқы жекпе-жегін өткізді.

80 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында Тоқтарбек грекиялық Михаил Цамалидиспен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (4:0). Осылайша, ол турнирдің ширек финалына өтті.

Айта кетейік, Тоқтарбек 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар, Азия ойындарының жеңімпазы.

Басқа спорттық жаңалықтар