Футбол

"Қайсар" қазақстандық қорғаушымен келісімшартты ұзартты

KazFootball.kz

Қызылордалық "Қайсар" футбол клубы қазақстандық қорғаушы Қуаныш Қалмұратовпен келісімшартты ұзартты, деп хабарлайды команданың бапсасөз қызметі. 

"Қорғаушы Қуаныш Қалмұратов “Қайсардағы” мансабын одан әрі жалғастырады. Өткен жылы негізгі құрам ойыншысы атанған Кука биыл да қасқыралардың алға қойған мақсатын орындауға атсалысатын болады", - делінген клуб хабарламасында. 

Қалмұратов қызылордалық клубта 2023 жылдан бері өнер көрсетеді.  Сонымен бірге, ол карьерасында «Атырау», «Астана-1964», «Тұран» және «Тараз» командаларында ойнады.

Басқа спорттық жаңалықтар