Футбол

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогына» қатысады

 Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы «Даму Кубогына» қатысады

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 18-24 ақпан аралығында Беларусь астанасы Минскі қаласында өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне қатысады.

Жасөспірімдер құрамасының оқу-жаттығу жиыны 10 ақпанда Талғардағы ҚФФ базасында өтеді. Құрамаға қазақстандық маман Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Халықаралық турнирге барлығы 8 құрама қатысады. Олардың қатарында 17 жасқа дейінгі Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь және 16 жасқа дейінгі Беларусь, Ресей құрамалары бар.

Қазақстандық футболшылар В тобында Беларусь (U-16), Тәжікстан және Ресей (U-17) құрамаларымен шеберлік байқасады. Ал А тобында Беларусь (U-17), Ресей (U-16), Өзбекстан және Әзербайжан құрамалары шеберлік байқасады.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар