Қазақтар Канелоны басына көтеру керек
Ресейлік "Боевая провинция" Youtube арнасының авторы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) мексикалық Сауль Канело Альвареспен (60-2-2, 39 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы пайымын білдірді. Бұл туралы Sports.kz сайты жазып отыр.
"Әлімханұлы әлі тың кезінде чемпиондық айқастарға шыққысы келетінін түсінікті. Бұл қалыпты ұмтылыс. Әлімханұлы Альварестің арқасында байып алған Геннадий Головкиннің ізімен жүргісі келеді. Қазақтар Канелоны басына көтеру керек, өтйкені ол Головкинге өзімен үш рет айқасуға мүмкіндік берді. Үш жекпе-жекте қанша табыс көргенін елестетіп көріңіздер. Енді Жәнібек те табысқа кенелгісі келетіні белгілі, бірақ ол Альваресті ғана көздемеу керек. Басқа да айқастар өткізу қажет. Бәрінің Гена Головкин сияқты жолы бола бермейді - Альварес әркімге үш жекпе-жектен беруге міндетті емес", - дейді арна авторы.