Теннис

Бейбіт Жукаев Қытайдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Бейбіт Жукаев Қытайдағы турнирде жарыстың 1-ракеткасын ұтты

Қазақстандықтар Бейбіт Жукаев пен Денис Евсеев Қытайдағы Шэньчжэн челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Рейтингте 302-орында тұрған Бейбіт екінші айналымда әлемнің 69-ыншы, жарыстың 1-ракеткасы, аустралиялық Танаси Коккинакисті 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Бір сағат 13 минутқа созылған матчта Бейбіт 9 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Тағы бір қазақстандық, әлемнің 260-ракеткасы Денис Евсеев рейтингте 585-сатыдағы қытайлық Цуй Цзені жолдан тайдырды - 6:4, 6:0. Бір сағатқа созылған бәсеке барысында Денис 3 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Жартылай финалға шығу үшін Жуқаев рейтингте 503-орындағы белоруссиялық Егор Герасимовпен, Евсеев әлемнің 146-ракеткасы, америкалық Александр Ковачевичпен кездеседі.


Дереккөз: ktf.kz

Басқа спорттық жаңалықтар