Допты хоккей

Допты хоккей: «Ақжайық» қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

 Допты хоккей: «Ақжайық» қатарынан бесінші рет жеңіске жетті

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «Жастар» стадионында Орынбордың «Локомотивін» қабылдады.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері бұл жолы да жанкүйерлер үмітін ақтай білді. Батысқазақстандық клуб орынборлықтарды 7:4 есебімен қапы қалдырды.

«Ақжайықтан» ресейлік Артем Лапшин хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Максим Өтебалиев екі гол соқты. Ершат Амангелдиев пен Самат Аманшиннің есебінде бір-бір доптан бар.

«Локомотив» сапында Олег Хасянов екі, Байрам Мамедов пен Сергей Ромашов бір-бір гол енгізіп, көзге түсті.

Осылайша, қатарынан бесінші рет жеңіске жеткен «Ақжайық» екінші топта 45 ұпаймен бұрынғыша көш бастап келеді.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар