Азия кубогы

Азия Кубогында тағы бір сенсация – Иордания финалда (видео)

Иордания құрамасы Азия Кубогының жартылай финалында Оңтүстік Корея құрамасынан басым түсті.

Кездесу 2:0 есебімен аяқталды. Голдардың авторлары Язан Әл-Наймат пен Мұса Әл-Тамари атанды.

Иордания құрамасы Азия Кубогының финалына жолдаманы өз тарихында бірінші рет алады. Юрген Клинсман жаттықтыратын Оңтүстік Корея құрамасы қола үшін матч өткізеді.

Жартылай фианлдағы Иран мен Қатар арасындағы кездесу 7 ақпанда өтеді.


Дереккөз: sportplustv.kz

Басқа спорттық жаңалықтар