Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы тағайындалды
Футболдан еліміздің 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметіне Бауыржан Сағындық тағайындалды.
36 жастағы маман кәсіби футболшы ретінде «Ертіс», «Энергетик-2», «Намыс», «Астана-1964» және «Гефест» командаларында ойын көрсетті.
Жаттықтырушы мансабын 2009 жылы «Ертіс» жастар командасында бастаған. 2017-2018 жылдары «Ертіс» клубында жастар футболын дамыту бағдарламасының басшысы қызметін атқарды.
Сондай-ақ Бауыржан Сағындық «Жұлдыз» және «Ақсу» футбол орталықтарында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары Қазақстан 20 жасқа дейінгі жастар құрамасында бапкерлер штабында жұмыс атқарды. 2022 жылы ол «Ақсу» футбол клубында бас бапкердің көмекшісі болды.
Еске салсақ, футболдан UEFA Ұлттар лигасының жеребесі 8 ақпанда тартылады.
Дереккөз: kaz.inform