ММА
UFC файтері Шавкат Рахмоновпен жекпе-жек болатынын жоққа шығарды
AllBoxing
UFC ұйымының уақытша чемпионы болған америкалық Колби Ковингтон (17-4) келесі қарсыласы Шавкат Рахмонов (18-0) болады деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.
"Маған ешкімді ұсынбады. Егер мен әлі жарақатымнан сауықпасам, маған қалай кездесу ұсынады? 100 пайыз сауыққанша жекпе-жек туралы ойлай да алмаймын. Қазіргі таңда тек 60 пайызға дайынмын. UFC қалай айқас ұсынады? Олар не болып жатқанын біледі, олар дәрігерлермен байланыста. Маған ешқандай жекпе-жек ұсынбады, бұл жалған ақпарат", - деп береді Ковингтонның сөзін Submission Radio.