Теннис
Недовесов Франциядағы челленджердің жартылай финалына жетті

ҚТФ
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Руандағы (Франция) челленджер турнирінің жартылай финалына өтті.
Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен үндістандық Шрирамбалай Нараянасвами ширек финалда бразилиялық Марсело Демолинер және америкалық Кристиан Гаррисон дуэтін ұтты – 6:4, 6:4.
Енді өазақстандық-үндістандық дуэт финалға шығу үшін швейцариялық Якуб Поль және чехиялық Матей Вочелмен ойнайды.