Теннис
Рафаэль Надаль үлкен теннистен кетеді

ATP
38 жастағы испандық теннисші Рафаэль Надаль карьерасын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желісінде хабарлады.
Теннисші қараша айында өтетін Дэвис кубогынан кейін спортпен қоштасады. "Баршаңызға көп-көп рақмет" деп, 12 тілде алғысын білдірді.
Рафаэль Надаль – теннис тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. 22 рет "Үлкен дулыға" жарыстарында топ жарған. 209 апта бойы әлемнің бірінші ракеткасы болды, екі рет Олимпиада ойындарында чемпион атанды. Мансабында 92 чемпиондық атақ ұтып алған.
Mil gracias a todos
— Rafa Nadal (@RafaelNadal) October 10, 2024
Many thanks to all
Merci beaucoup à tous
Grazie mille à tutti
谢谢大家
شكرا لكم جميعا
תודה לכולכם
Obrigado a todos
Vielen Dank euch allen
Tack alla
Хвала свима
Gràcies a tots pic.twitter.com/7yPRs7QrOi