ХК "Барыс"
«Барыс» өз айдыныныда «Авангардты» ұтты

"Барыс" ХК
Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасына қарсы өткізді.
Астаналық клуб жаңа маусымда он төрт ойынның он екісінде ұтылды. Сондай-ақ, кейінгі бес кездесудің бірде-бірінде жеңіске жете алмай келеді. Осылай турнир кестесінде соңғы тұр.
Осы кездесуде алғашқы минуттан алға қарай ұмтылған «Барыс» 14-минутта есеп ашты.
Екінші және үшінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Осылайша «Барыс» 1:0 есебімен басым түсіп, қатарынан бес жеңіліс сериясын үзді.