Құрлықтық хоккей лигасы

«Барыс» қатарынан сегізінші мәрте жеңіліп қалды

 «Барыс» қатарынан сегізінші мәрте жеңіліп қалды

Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасына қарсы өткізді.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Алғашқы екі кезеңде есеп ашылған жоқ. Командалар өрескел қателікке бой алдырмауға тырысты.

Сондықтан дөрекі қимылымен көзге түсіп, айдыннан қуылмауға тырысты. Бірінші кезеңде Кристиан Хенкель ғана 11-минутта осындай қимылымен көзге түсті.

Ойынның 54-минутында «Амур» хоккейішісі Владислав Барулин мергендік танытса, Дмитрий Шевченко 59-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша елордалық клуб қарсыласына 0:2 есебімен есе жіберіп, қатарынан сегізінші мәрте жеңілістің ащы дәмін татты.

Қазақстандық ұжым бұдан кейінгі екі ойынды да елордада өткізеді. Алдымен 8 ақпанда СКА (Санкт-Петербург), 10 ақпанда «Спартак» (Мәскеу) клубтарымен ойнайды.

«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Амур» (Хабаровск, Ресей) 0:2 (0:0, 0:0, 0:2)

Шайбалар:

0:1 — 54:47 Барулин (Коршков). Көпшілікте

0:2 — 59:03 Шевченко (Дрозг, Хохлачёв). Көпшілікте, бос торға.

Қақпашылар: Паскуале — Бобков

Айыппұл: 8:0 (2:0, 0:0, 6:0).

Басқа спорттық жаңалықтар