Анна Данилина Әбу-Дабиде ширек финалдан тыс қалды
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Әбу-Даби (БАӘ) WTA 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Қазақстандық теннисші украиналық Надежда Киченокпен бірге алғашқы айналымда күшті жұп — жарыстың 2-ракеткалары, бразилиялықтар Беатрис Хаддад Майя — Луиза Стефаниге тап болды.
Қазақстандық-украиналық жұп бәсекені жақсы бастады — 6:2. Алайда бұдан кейін бразилиялықтар сәтті ойнады — 7:5, 10:6.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Данилина — Киченок 4 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыластары 2 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакинаның бастапқы қарсыласы анықталды.
Әлемнің 71-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, қазір рейтингіде 757-орындағы жапониялық Наоми Осаканы ұтты — 7:5, 6:0.
Осылайша, екінші айналымда Е.Рыбакина мен Д. Коллинз кездесетін болды.
Дереккөз: kaz.inform