Ұлттық спорт

Көшпенділер ойыны: Ресми түрде спорттық сайыстар түрі бекітілді

 Көшпенділер ойыны: Ресми түрде спорттық сайыстар түрі бекітілді

2024 жылы 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында ұйымдастырылатын V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық сайыстары ресми түрде бекітілді.

Туризм және Спорт министрлігі мәлім еткендей, Дүниежүзілік көшпенділер ойынында спорттың 20 түрінен кім мықтылар анықталады.

Атап айтсақ, асық ату, ордо, арқан тартыс, бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қазақ күресі, алыш, кураш, ашыртмалы аба гюреши, ссирым, мас-рестлинг, Powerfull nomad (күштілердің сайысы), тоғызқұмалақ, мангала, овари, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, құсбегіліктен сайыстар өтеді.

Сондай-ақ, 10 көрнекі спорт сайысынан жарыстар өткізу жоспарланған.

Көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі «Астана Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары – этникалық, дәстүрлі спорт түрлері бойынша өтетін халықаралық жарыс. 2014, 2016 және 2018 жылдары Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтсе, 2022 жылы Түркияның Изник шаһарында төртінші Дүниежүзілік ойындар ұйымдастырылды.


Дереккөз: kaz.inform

Басқа спорттық жаңалықтар