ЕВРО-2024

Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды

 Футболдан Қазақстан құрамасы Армениямен ойнайды

Футболдан Қазақстан құрамасы жазда Армениямен кездеседі.

Федерацияның баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Кездесу 7 маусым күні Ереван қаласында өтеді.

Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Бір ойын тең аяқталды.

ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.


Дереккөз: el.kz

Басқа спорттық жаңалықтар