Футбол

"Қайсар" Қазақстан чемпионын сапына қосты

"Жетісу" ФК

Қазақстандық шабуылшы Айбар Жақсылықов жаңа клуб тапты.

Meta-ratings.kz мәліметінше, 26 жастағы форвард карьерасын "Қайсарда" жалғастырады. Футболшы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан қызылордалық командаға қосылып үлгеріпті. 

Айбар өткен маусымды алғаш рет Қазақстан чемпионы атанған "Ордабасы" сапында ойнап, 14 матчте екі голс алды.

Жақсылықов карьерасын "Жетісу" командасында бастап, кейін "Тобыл" сапында да ойнады. 2020 мен 2022 жылдар аралығы Қазақстан құрамасына шақыртылды.

Басқа спорттық жаңалықтар