Кәсіби бокс
Головкиннің экс қарсыласы рак ауруына шалдықты
Америкада өнер көрсететін тегі армян Ванес Мартиросянда (36-4-1, 21 КО) рак ауры анықталды, деп жазады BoxingScene.
Боксшы мамандардың операция жасау туралы ұсынысынан бас тартып, Мексиканың Тихуана қаласында химитерапия курсынан өтіп жатыр екен.
"Меніңше, менің денем ракті өз ітудырып алған. Енді одан құтыла алмай жатыр. Бұл 12-раундты жекпе-жек сияқты. Мен әр күн сайын ем қабылдап, күресіп жатырмын, бір раунда артынан екінші раунд сияқты", - дейді боксшының өзі.
Мартиросян мен Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2018 жылы 5 мамыр Карсонда жұдырықтасып, қазақстандық боксшы қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген еді.