Үстел теннис

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады

Қазақстан үстел теннисінен Азия чемпионатының жартылай финалына өте алмады
ҚР ҰОК

Үстел теннисінен ерлер командасы Астанада өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалға жолдама беретін матчта отандық спортшылар үндістандық қарсыластарына есе жіберді. Кирилл Герасименко алғашқы ойында ұтылды.

Одан соң Алан Құрманғалиев қарсыласынан басым түсіп, есепті теңестірген. Артынша Үндістан тағы алға шықты – Айдос Кенжеғұлов қарсыласына дес берді.

Ойынның төртінші матчында қазақстандық спортшылар толығымен жеңілді. Онда Кирилл Герасименко Үндістан спортшысынан жеңе алмады.

Қорытынды есеп қарсы тараптың пайдасына 3:0-ге тең болды. Осылайша Үндістан жартылай финалға шықты.

Басқа спорттық жаңалықтар