Кәсіби бокс

Америкалық журналист Головкин мен Канелоның бірінші айқасы туралы шындықты жазды

Америкалық журналист Головкин мен Канелоның бірінші айқасы туралы шындықты жазды
reviewjournal.com

Бокс туралы жазатын америкалық белгілі журналист Майкл Монтеро қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Канело Альварес арасындағы даулы жекпе-жекті есіне алды.

2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегастағы айқаста көпшілік GGG жеңді дегенімен, төрешілер тең есеп көрсетті. Оның ішінде Аделаида Берд 118-110 есебімен Альварес жеңді деп көрсеткені үлкен шу болды.

"Головкин бірінші айқаста Канелоны жеңді. Мейвезерден кейін Канело сол кезде екінші рет жеңілді. Головкиннің ақысын жеп кеткендері өкінішті", - деп жазыпты Ray Bama деген твиттер пайдаланушысы.

Оған Монтеро былай деп жауап жазды:

"Төрешілердің шешімі айтылғанда менің жағым салбырап қалды, әсіресе бокс тарихындағы ең нашар қазының шешімін естігенде. Бұл естен адасу".

Басқа спорттық жаңалықтар