Ауыр атлетика

Ташкенттегі ауыр атлетикадан АЧ-де Қазақстан қоржынына бірінші жүлде түсті

Ташкенттегі ауыр атлетикадан АЧ-де Қазақстан қоржынына бірінші жүлде түсті
Туризм және спорт министрлігі

Ауыр атлетикадан Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы жүлде түсті. 67 келіге дейінгі салмақта Сайрамкез Ақмолда күміс жүлдегер атанды. 

22 жастағы қазақстандық спортшы ересектер арасындағы алғашқы жарысында үздіктер қатарына ене білді. Қос жаттығу бойынша ол 292 келіні (126+175) еңсерді. Бұл күміс жүлде еншілеуіне жол ашты. 

Азия чемпионатының алтын жүлдесін Солтүстік Корея елінен келген Ри Вон Джи (137+180 келі) еншіледі. Қоланы тай елінің спортшысы Терават Ратфет (128+158 келі) жеңіп алды.

  Сайрамкез Ақмолда 2019 жылы жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, 2021 жылы жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс алған. 


Басқа спорттық жаңалықтар