Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Мумбай (Үндістан) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші оңтүстіккореялық Со Хен Пакпен бірге бастапқы кездесуін жарыстың 1-ракеткалары, италиялықтар Ангелика Морателли — Камилла Розателломен өткізді.
Қазақстандық-оңтүстіккореялық жұп бірінші партияда тай-брейкте басымдылық танытты — 7:6 (7:4). Екінші сет жеңілдеу тиді — 6:2.
Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Құламбаева — Пак 11 брейк-пойнттың бесеуін құр жіберген жоқ. Италиялық дуэтке 1 эйс, 3 брейк (7 брейк-пойнт) жеткіліксіз болды.
Ж.Құламбаева жекелей сында іріктеу сайыстарында осы Розателлоға есе жіберген еді — 6:4, 4:6, 3:6. Жібек Құламбаева — Со Хен Пактың ширек финалдағы қарсыластары кейін белгілі болады.
Дереккөз: prosports.kz