Кәсіби бокс

Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ әскеріне қосылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы АҚШ әскеріне қосылды

Қазақстандық боксшы Аида Сатыбалдинова Instagram желісіндегі ресми парақшасында АҚШ ұлттық гвардиясына қосылу туралы шешімін түсіндірді. Спортшы АҚШ-тың қарулы күштеріне арнайы тест тапсырып, қызметке дайын екенін растады.

"Ашығын айтайық: Қазақстанға қайта оралып, онда тұрғым келмейді, тек қонақ ретінде ғана баруға ниеттімін. Әрқайсымыз өмірімізді жақсы өткізгіміз келеді. Қазақстан өзімді жайлы сезінетін ел емес...АҚШ-та жақсы карьера жасап, өз үйім болуын қалаймын. Мен Калифорнияда өмір сүремін деп шештім, бірақ мұндағы жылжымайтын мүлік бағасы шарықтап тұр. Болашақ баламның Гарвардта оқығанын армандаймын, ал мұнда оқу ақысы – "қорқынышты", - деп жазды Аида Сатыбалдинова Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Аида Сатыбалдинова Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ол бастапқы уақытта ауыр атлетикамен шұғылданып, Қазақстан Республикасының спорт шебері дәрежесіне дейін жеткен. Кейін боксты таңдаған Аида Сатыбалдинова әуесқойлар арасында республикалық жарыстарда жүлделерге ие болды. 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрып, кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді.

Басқа спорттық жаңалықтар