УЕФА Ұлттар Лигасы

Ұлттар лигасындағы Аустрия - Қазақстан матчіне төрешілер тағайындалды

 Ұлттар лигасындағы Аустрия - Қазақстан матчіне төрешілер тағайындалды

Линц қаласында өтетін УЕФА Ұлттар лигасы аясындағы Аустрия - Қазақстан матчіне төрешілер тағайындалды. 

Бұл ойында шотландиялық төрешілер бригадасы қызмет етеді. Бас төреші Дональд Робертсон, ал оның көмекшілері Дэвид Рум мен Росс Маклеод болады. Төртінші төреші – Грант Ирвин.

Аустрия мен Қазақстан арасындағы кездесу 10-нан 11 қазанға қараған түні Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Басқа спорттық жаңалықтар