Теннис

Юлия Путинцева Уханьдағы турнирдің үшінші айналымына өтті

Юлия Путинцева  Уханьдағы турнирдің үшінші айналымына өтті
Depositphotos.com/ChinaImages

Қазақстанның екінші, әлемнің 35-ракеткасы Юлия Путинцева Ухань (Қытай) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 18-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичпен ойнады.

Бірінші партияда Путинцева 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде Векич есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші сетте Юлия 6:4 есебімен басым түсті. Матч кезінде Путинцева 1 эйспен бірге 16 брейк-пойнттың жетеуін өз есебіне жазды. Векич 2 эйс, 6 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.

Енді Путинцева ширек финалға өту үшін осы жарыстың 1-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко мен чехиялық Катержина Синякова кездесуінің жеңімпазымен ойнайды. 

Басқа спорттық жаңалықтар