Теннис

Жұптық сын. Данилина Уханьдағы турнирді сәтті бастады

Жұптық сын. Данилина Уханьдағы турнирді сәтті бастады
ktf.kz

Қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Уханьдағы (Қытай) турнирдің екінші кезеңіне өтті. 1/16 финалдық кездесуде қазақстандық-ресейлік дуэт жапониялық Макото Ниномия және ресейлік Яна Сизиковамен ойнады.

1 сағат 9 минут өткен матч 6:4, 6:0 есебімен Данилина мен Хромачованың пайдасына аяқталып, олар келесі кезеңге жолдама алды. 

Басқа спорттық жаңалықтар