Үстел теннис
Қазақстандық үстел теннисшілері Азия чемпионатының ширек финалына жетті
ҚР ҰОК
Үстел теннисінен Қазақстанның ерлер командасы Астанадағы Азия чемпионатының ширек финалға шығу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Командалық жарыста үздік сегіз команданың бірі атану үшін отандық спортшылар Сауд Арабиясын ұтуы керек болды. Қазақстандық команда бұл міндетін орындап, қарсыластарынан 3:0 есебімен жеңді.
Құраманың жеңіске жетуіне Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов үлес қосты.
Ширек финал матчы бүгін, 9 қазан күні өтеді.