Теннис
Александр Бублик Алматыда турнирге қатыспайды

ҚТФ
Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Алматыда өтетін ATP 250 өз үйіндегі турниріне қатыспайды. Сонымен қатар, бұл жарысқа франциялық Артур Фис пен италиялық Флавио Коболли де келмейтін болды.
Турнирге қатыспайтын теннисшілердің орнын Александр Вукич, Доминик Стриккер және Таро Даниэль басады.
Айта кетейік, бұл жарыстың жүлде қоры миллион доллардан асады.
Турнир 13-20 қазан аралығында Алматыдағы «Алматы Аренада» болады. Ал матчтар күндізгі және кешкі екі сессияда өтеді.