Гимнастика
Қазақстан спорттық гимнастикадан әлем кубогының екі алтынын жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы
Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен спорттық гимнастикадан әлем кубогында Қазақстан құрамасы екі алтын иеленді, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.
Финалдың алғашқы күні тіреніп секіру сайысында Дарья Ясинская жаттығуын тамаша орындап, топ жарды. Ұпай саны - 13.166. Бұл – 20 жастағы Дарьяның Әлем Кубогындағы алғашқы жүлдесі.
Осыдан кейін тіреніп секіруден ерлер арасындағы сында Асан Салимов қарсыластарынан үздік шықты. Оның ұпайы - 14.300.
Ал тұтқалы ат снарядында финалға шыққан Азиз Ильясов 4-орынға, керме жаттығуында Диас Тойшыбек 5-сатыға тұрақтады.