Кәсіби бокс

Батыр Жүкембаев WBC чемпионын айқасқа шақырды

 Батыр Жүкембаев WBC чемпионын айқасқа шақырды

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (23-1, 17 КО) жеңіліп көрмеген WBC чемпионы доминиканалық Альберто Пуэльомен (23-0, 10 КО) жекпе-жекке шыққысы келтінін мәлімдеді.

"Маған жратылай орта салмақта WBC титулы керек. Альберто Пуэльо, кел жекпе-жекке шығайық", - деп жазыпты Батыр.

Бұл постында Жүкембаев ұйым президенті Маурисио Сулейман мен ProBox трансляторының ресми аккаунтарын белгілей кетіпті.

Батыр кейінгі рет 22 мамыр Плант-Ситиде жұдырықтасып, украиналық Иван Редкачты (24-8-1, 19 КО) нокаутқа түсірген болатын.


Басқа спорттық жаңалықтар