Футзал

"Қайрат" клубында Игитаның орнына жаңа капитан сайлады

kff.kz

"Қайрат" футзал клубы Игита мен Дуглас сияқты мықты ойыншалардың командадан кеткеннен кейін жаңа каптанды тағайындады.

Жаңа маусым басталар алдында клуб басшысы Қайрат Оразбеков Қазақстан құрамасының жаңа капитаны Біржан Оразов болатынын хабарлады.

"Бұл клуб тарихындағы маңызды оқиға, ұзақ жылдар капитанымыз Игита болды. Ол өз энергиясымен команданы қуаттандыратын. Техникалық кеңесте біз Біржан Оразовты капитан етіп сайлау туралы шешім шығардық. Вице-капитан Эдсон болады", - дейді Қайрат Айтмолдаұлы.

Ал Біржанның өзі бұл туралы былай деді:

"Капитандықты маған сеніп тапсырылғаны мен үшін мәртебе. Бұл үлкен жауапкершілік және командамен жаңа биіктерге жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайынмын!".

Басқа спорттық жаңалықтар